Іріктеуге қатысатын ойыншылар спорттық киімде болуы тиіс (қара шорты мен ақ шұлық, Atlético Madrid футболкасын біз тегін береміз).
Спорттық киімде басқа команданың атауы, эмблемасы немесе кез келген танымдық белгі болмауы тиіс.
Ойыншылар іріктеу кезінде арнайы футболға арналған спорттық аяқ киім киюі керек (бутсы немесе шиповки).
Ойыншылар уақытында келуі тиіс, бірақ іріктеу басталуынан бір сағаттан ерте келуге болмайды.
Ата-аналар, қамқоршылар немесе заңды өкілдер іріктеу кезінде өткізілетін аумаққа кіргізілмейді.
Ойыншылар барлық уақытта тәртіпті мінез-құлық көрсетіп, жаттықтырушыларға, клуб қызметкерлеріне және басқа ойыншыларға құрметпен қарауы тиіс.
Atlético de Madrid Kazakhstan академиясы жеке заттардың жоғалуына жауапты емес. Әр ойыншы өз заттарына өзі жауапты.
Академия іріктеу кезінде жарақат алған жағдайда жедел медициналық көмек көрсетеді. Алайда іс-шара барысында орын алуы мүмкін кез келген оқиға үшін жауапкершілік алмайды.
Баланың жеке басын куәландыратын құжаты болмаса – қатысуға жіберілмейді.
Тек деректерін дұрыс толтырған және іріктеу талаптарына сай келетін қатысушылар ғана қабылданады.
Іріктеу нәтижелері туралы сізге WhatsApp арқылы хабарланады.