11 маусым, 2024

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «АТЛЕТИКО МАДРИД» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЭНРИКЕ СЕРЕСО ТОРРЕСПЕН КЕЗДЕСУІ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жөніндегі жоба таныстырылды.

Испандық клубтың әлемдік танымалдылығын атап өте отырып, Қазақстан Президенті Энрике Сересо Торреске тәжірибесімен бөлісуге және еліміздегі футболды қолдауға дайын болғаны үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанда футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Қазіргі уақытта спорт мектептерінде және секцияларда 40 мыңға жуық бала жаттығады, инфрақұрылым жетілдірілуде, жаңа стадиондар салынып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет футболды дамытуға бағытталған осы бастаманы жан-жақты қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Энрике Сересо Торрес қазіргі уақытта «Атлетико Мадрид» академиялары әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейтінін айтты. Жас дарындарды әлемнің үздік футбол лигаларында ойнауға дайындау үшін академияда заманауи тәжірибелер енгізуге және жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Атлетико Мадрид» футбол академиясы Алматы облысындағы Талғар қаласындағы «Ақбулақ» Олимпиадалық орталығының базасында құрылатын болады.

Кездесудің соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» клубының ойыншыларының қолтаңбалары бар футболканы сыйға тартты.
дереккөз:
© Барлық құқықтар қорғалған.Atletico Madrid Academy Kazakhstan, 2025.
Қазақстан, Алматы, «Ардин» БО, Достық даңғылы, 91/2, 805-кеңсе

info@atleticomadrid.kz
Таратылымға жазылу
БАЙЛАНЫС